«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 418 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5463 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1624) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 26-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 18 тамыздағы
№ 418 бұйрығына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығына
26-қосымша
Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген
мүлкінен өндіріп алу туралы №_______ қаулы
20 __ жылғы «___»_______________ | _____________________________ (жасалған жері) |
Мен Басшы (Басшы орынбасары) _________________________________________________________________________________________
(салық органының атауы, Басшысының
_____________________________________________________________________________________________________________________
(Басшы орынбасарының) аты-жөні)
_____________________________________________________________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, сәйкестендіру нөмірі
______________________________________________________(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда), мекен жайы) осы қаулы шыққан күнінде