Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығы
(2023.22.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.02.05. № 392 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 210 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4879 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.02.05. № 392 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ пен әскери техника жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі | Ә. Жақсыбеков |
| «КЕЛІСІЛДІ» | «КЕЛІСІЛДІ» |
| Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасының |
| Ішкі істер министрі | Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы |
| милиция генерал-майоры | милиция генерал-майоры |
| Қ. Қасымов | Н. Әбіқаев |
| 2011 жылғы 2 мамыр | 2011 жылғы 29 шілде |
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2011 жылғы 18 мамырдағы
№ 220 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу
қағидалары