Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 1039 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 10 сентября 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 ноября 2015

«Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 1039 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 491-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 10 қыркүйектегі

№ 1039 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 4 желтоқсандағы

№ 2016 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медицина ұйымына емделуге жіберу тәртібін және шарттарын реттейді.

2. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберуді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - Уәкілетті орган) бюджет қаражаты есебінен:

1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне сәйкес;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом