Марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 175-ОД бұйрығы
(2012.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 3 қарашадағы № 444 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2012.20.01. № 10-ОД бйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 20 маусымындағы Жер кодексінің 14-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2012.20.01. № 10-ОД бйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы аталған бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге бағыттасын.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Геодезия, картография және геодезиялық бақылау, Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменттері осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелгенінен кейiн ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары Б.Ә. Нақыпбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан бір күннен кейiн қолданысқа енгізіледі.
| Төрағаның м.а. | А. Икранбеков |
Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі Төрағасының м.а.
2011 жылғы 25 тамыздағы № 175-ОД
бұйрығымен бекітілді
ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2012.20.01. № 10-ОД бйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Марапаттаудың салалық жүйесі жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2012.20.01. № 10-ОД бйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)