Введите номер документа
Прайс-лист

«Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 14 октября 2011
Статус
Утратил силу
утратил силу с 9 сентября 2015

«Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1178 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 630 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 832-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

3) тармақшадағы «келісімшарт бекітілсін.» деген сөздер «келісімшарт;» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт бекітілсін.»;

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріле отырып айқындалады.

3. Құзыретті органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелерін ескере отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған конкурстардың жеңімпаздарымен барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар жасассын.»;

осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом