2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 333 шешімі
(2011.13.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 8 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357 «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011.21.01. № 361 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.14.03. № 365 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.13.04. № 386 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.13.07. № 390 шешімімен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 91 839 797 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша 29 883 492 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша 2 996 049 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 58 960 256 мың теңге;
2) шығындар - 91 679 590,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 1 664 867 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 3 125 495 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 460 628 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын
операциялар бойынша сальдо - 1 612 000 мың теңге,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 1 612 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы- -3 116 660,5 мың теңге;