«2011-2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 301 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 383 шешімі
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 1 наурыздағы № 01-1/465 хатымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына және 106 бабының 2 тармағының 2, 4 тармақшаларына және 4 тармағына, 109 бабының 5 тармағына, «2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 333 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 413 шешіміне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2011 - 2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 301 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 3-1-147 санымен тіркелген, 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 7-8 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақтағы:
1) тармақшадағы:
кірістер «27 939 768,9» сандары «27 727 089,5» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
салықтық түсімдер «12 859 028, 0» сандары «12 329 308, 0» сандарымен ауыстырылсын;
салықтық емес түсімдер «160 125, 0» сандары «624 845, 0» сандарымен ауыстырылсын;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер «983 900, 0» сандары «843 600, 0» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі «13 936 715, 9» сандары «13 929 336, 5» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
шығындар «29 768 048, 9» сандары «29 760 669,5» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
бюджет тапшылығы «-1 949 208, 3» сандары «-2 154 508, 3» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы: