Введите номер документа
Прайс-лист

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1325 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 11 ноября 2011
Статус
Действующийвведен в действие с 11 ноября 2011
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1325 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Кәсіпорынға қосу жолымен республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.

3. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті Кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін;

2) Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер ұсыну және оларды автоматтандыру болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;

2) Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом