Қазақстан Республикасы Призидентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қарашаның 14-і.
№ 174
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 14 қарашадағы
№ 174 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Астана, 2011 жыл
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді дамытудың пайымы
Пайдаланылатын терминдер мен айқындамалар
Ағымдағы ахуалды талдау
Мақсаттар мен міндеттер
Орындау кезеңдері және межеленген нәтижелер
2. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы бағыттары
3. Тұжырымдаманы іске асыруды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді дамытудың пайымы
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) қоғам мен мемлекеттің ақпараттық саладағы мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында әзірленді.