Орал қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 120 шешімі
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 3 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына сәйкес, Орал қалалық сайлау комиссиясының келісімі бойынша ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Орал қаласының аумағында сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландырсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. С. Сафималиевке жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Орал қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Абулхатин Ерболат Махамбетұлы
01.12.2011 ж.
Орал қаласы әкімінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 120 шешіміне қосымша
Орал қаласы аумағындағы сайлау учаскелері
№ 454 сайлау учаскесі
М. Жүнісов көшесі, 12, «№ 1 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі.
Чагано-Набережная көшесінен Е. Пугачев көшесі бойымен Құрманғазы көшесіне дейін, Құрманғазы көшесімен Орал өзенінің жайылмасына дейін, Орал және Шаған өзендері жайылмасымен Чагано-Набережная көшесіне дейін, Чагано-Набережная көшесімен Е. Пугачев көшесіне дейін, Учужный затонды қосқанда.
№ 455 сайлау учаскесі
Достық-Дружба даңғылы, 162, «М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.