Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, құрамының деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидаларын және темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1366 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 814 Қаулысымен күші жойылды
«Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 344 бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 159-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына және 13-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы туралы, құрамының деңгейі туралы және жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту (бұдан әрі - Ескерту) бекітілсін.
2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап он сегіз ай өткен соң қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 4, 6-тармақтарын және Ескертудің 2, 5-тармақтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қағидалардың 5-тармағы осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап он сегіз ай өткен соң күшін жояды.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің