Введите номер документа
Прайс-лист

«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 193 Жарлығы

Информация о документе
Датачетверг, 8 декабря 2011
Статус
Действующийвведен в действие с 8 декабря 2011
Дата последнего изменениячетверг, 8 декабря 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат; 2005 ж., № 30, 383-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; 2009 ж. № 40, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және елде бәсекеге қабілетті жаңа салалар құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін неғұрлым толық пайдалану мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2028 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 8-і.

 

№ 193

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 193 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2003 жылғы 18 тамыздағы

№ 1166 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом