Медициналық көмектің түрлері мен көлемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1481 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 40, 42, 45-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған медициналық көмектің мынадай түрлері мен көлемдері бекітілсін:
1) білікті медициналық көмек;
2) бастапқы медициналық-санитариялық көмек;
3) жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1481 қаулысымен
бекітілген
Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемі
1. Білікті медициналық көмек - диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
2. Білікті медициналық көмектің түрлері:
1) жалпы дәрігерлік практика;
2) терапия;
3) педиатрия;
4) хирургия;
5) акушерия және гинекология.
3. Жалпы дәрігерлерлік практика/отбасы медицинасы - бастапқы медициналық көмек көрсетуге бағдарланған жалпы практика дәрігерлері көрсететін медициналық көмек.
4. Пациенттерге білікті медициналық көмектің көлемі тиімділігі мейлінше дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық айғақтар бойынша айқындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1481 қаулысымен
бекітілген
Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің түрлері мен көлемі