Амбулаториялық деңгейдегі республикалық бюджет қаражаты есебінен сатылып алынатын дәрілік заттарға есеп жүргізу және босату тәртібі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 867 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 69-бабына, «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 қаулысының 3-тарауына және «Азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 қаулысының 2-тарауына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Амбулаториялық деңгейдегі республикалық бюджет қаражаты есебінен сатылып алынатын дәрілік заттарға есеп жүргізу және босату тәртібі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 867 бұйрығымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейдегі республикалық
бюджет қаражаты есебінен сатылып алынатын дәрілік заттарға есеп жүргізу және босату
ережесі
1. Жалпы ережелер