«2011/2012 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» 2011 жылғы 16 наурыздағы № 97 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 452 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «2011/2012 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6858 болып тіркелген, «Егеменді Қазақстан» 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 178-181 (26583) санында жарияланған мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 қазандағы № 452 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 16 наурыздағы № 97
бұйрығына 1-қосымша
2011 - 2012 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Шифр | Мамандықтардың атауы | Білім беру гранттары |
Жиынтығы | толық оқу | қысқартылған оқу |
Барлығы | қазақ | орыс | барлығы | қазақ | орыс |
1. Білім беру |
5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | 400 | 280 | 160 | 120 | 120 | 70 | 50 |
5В010200 | Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 300 | 240 | 140 | 100 | 60 | 40 | 20 |
5В010300 | Педагогика және психология | 240 | 190 | 110 | 80 | 50 | 30 | 20 |