Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығы
(2024.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 119-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.29.12. № 355 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.29.12. № 355 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.05.11. № 344 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.29.12. № 355 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереже;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті (Б.Т.Берсебаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі Л.М.Танысбайға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.29.12. № 355 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат
министрінің
2011 жылғы 16 қарашадағы
№ 348 бұйрығына
1-қосымша