«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 Қаулысы
(2010.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 11 наурыздағы
№ 230 қаулысымен
Бекітілген
«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Қолдану саласы
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне қолданылады, олар өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды:
1) сүт шикізаты және кілегей шикізаты;
2) ішетін сүт және ішетін кілегей;
3) сүт қышқылды өнімдер;
4) сүзбе және сүзбе енімдері;
5) қаймақ;