Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 19 января 2012
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды, автокөлік қызметін көрсетуді жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін.

3. Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) берілсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Серіктестік жарғысының бекітілуін;

2) Серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом