«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 43 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1734 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 505 Қаулысымен күші жойылды
«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 43 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 15, 182-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1734 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 қаңтардағы
№ 43 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссия және пайымдау
Миссиясы - ақпарат, байланыс және ақпараттандыру саласында қолжетімді және сапалы қызметтерді ұсынуға, инфокоммуникациялық инфрақұрылымды, отандық ақпараттық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік тиімді іске асыру.