Қарағанды қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған LIX сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 612 шешімі
Осы редакция 2012 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаланың 2012 - 2014 жылдарға арналған, оның ішінде 2012 жылға арналған бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 34 619 506 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 18 975 157 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 82 407 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдері бойынша - 1 271 335 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 14 290 607 мың теңге;
2) шығындар - 35 124 754 мың теңге;
3) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо - 162 126 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы - 667 374 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 667 374 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі - 1 517 374 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 850 000 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы ХLI сессиясының «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 464 шешімімен Қарағанды қаласының бюджетіне аударымдардың нормативтері келесі мөлшерде бекітілген:
жеке табыс салығы бойынша - 50 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша - 50 пайыз.
3. 2012 жылға арналған қала бюджеті түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен 2 031 218 мың теңге сомасындағы субвенциялар көзделгені ескерілсін.
4. 2012 жылға арналған қала бюджетінің түсімдері мен шығындарының құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік несиелері 4 қосымшаға сәйкес көзделгені ескерілсін.