Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.20.07 № 745 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 Қаулысы

(2011.08.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 17 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар екі ай мерзімде осы тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің стандарттарын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 20 шілдедегі

№ 745 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің

тізбесі

 

1. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 266-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 382-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 331 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 121-құжат).

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом