Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысы
(2012.13.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты сипаттағы маңызды мәселелерi жөніндегі келісілген көзқарастар мен ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестiң құрамы;
2) Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 20.06.03 ж. № 590; 19.08.04 ж. № 869 (бұр. ред. қара); 2005.22.02. № 158 (бұр. ред. қара); 2006.21.03. № 193 (бұр.ред.қара); 2006.30.05. № 473 (бұр.ред.қара); 2006.23.11. № 1117 (бұр. ред. қара); 2007.18.01. № 32 (бұр.ред.қара); 2007.28.02. № 157; 2007.15.10. № 948 (бұр.ред.қара); 2008.07.04. № 326 (бұр. ред. қара) ; 2008.03.11. № 326 (бұр. ред. қара); 2009.17.03. № 343 (бұр.ред.қара); 2009.02.07. № 1021 (бұр.ред.қара); 2010.06.05. № 382 (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 (бұр.ред.қара); 2011.28.11. № 1383 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен; 2012.13.01. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Yкіметiнің
2003 жылғы 25 ақпандағы
№ 202 қаулысымен
бекiтілген
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестiң
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі, жетекшi |
| Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары |
| Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы |
| Марченко Григорий Александрович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша) |