Техникалық реттеу және метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 440 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 5 Бірлескен бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 728 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 шілдедегі № 501 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған техникалық реттеу және метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А.Сәтбаев):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
3. «Техникалық реттеу және метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 12 мамырдағы № 140 және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 30 маусымдағы № 149 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7036 болып тіркелген, орыс тілінде 2011 жылғы 21 шілдедегі № 225 (26646) «Казахстанская правда» және қазақ тілінде 2011 жылғы 27 шілдедегі № 325-328 (26722) «Егемен Қазақстан» республикалық газеттерінде жарияланған) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.