Введите номер документа
Прайс-лист

«Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 338 Қаулысы (2015.31.12. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 16 марта 2012
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 1 января 2016

«Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 338 Қаулысы

(2015.31.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы» мемлекеттік мекемесін оған қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Орталықтың мемлекеттік басқару жөніндегі уәкілетті органы болып анықталсын.

3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Мәдениет және ақпарат министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 16 наурыздағы

№ 338 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 944 бірлік санында бекітілсін.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом