2012 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 1/148 Қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 1/58 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына және 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен шарттар жасауға өкілеттік берілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айына ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.
4. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:
1) 2012 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;
2) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізілсін.