Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэрожоба» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 379 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 30 марта 2012
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэрожоба» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 379 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэрожоба» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАэроЖоба» ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні азаматтық авиация саласындағы ғылыми-зерттеу және сараптамалық жұмыстарды, азаматтық, мемлекеттік авиация және аэроғарыш саласы объектілерін салу саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғам жарғысының бекітілуін;

2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иелік ету және пайдалану үшін акциялардың мемлекеттік пакетін беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом