Введите номер документа
Прайс-лист

«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 Қаулысы (2013.18.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 30 марта 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 мая 2015

Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 Қаулысы

(2013.18.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 312 Қаулысымен күші жойылды

 

«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығын қараңыз

 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Патронаттық тәрбие туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 30 наурыздағы

384 қаулысымен

бекітілген

 

 

Патронаттық тәрбие туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Патронаттық тәрбие туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген.

2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға (бұдан әрі - бала (балалар)) белгіленеді.

3. Патронат тәрбиеші - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - орган) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың негізінде баланы (балаларды), оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдағы баланы (балаларды) тәрбиелеуге берген адам.

4. Жеке адамдардың қорғаншылығында (қамқоршылығында) болмаған бала (балалар) патронаттық тәрбиеге беріледі.

5. Патронат тәрбиешіге тәрбиелеуге берілетін балалардың жалпы саны бір отбасының балаларына байланысты жағдайларды қоспағанда, үш баладан аспайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!