«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 413 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 213-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 наурыздағы
№ 413 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 96 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық
жоспары
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің миссиясы мен пайымдауы