Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық
комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 Қаулысы
(2011.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.27.09. № 852 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.12.07. № 787 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 553 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды
үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
құрамы
| Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі, төраға |
| Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары |
| Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары |
| Елеусізова Құралай Болатқызы | - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры, хатшы |
| Жақыпов Мірболат Қабиұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |