Введите номер документа
Прайс-лист

«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 498 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 19 апреля 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 9 апреля 2015

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 498 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 161 Қаулысымен күші жойылды

 

«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығын қараңыз

 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 181-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) актілік жазбалардың негізінде жасалатын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының:

туу туралы;

әке болуды анықтау туралы;

неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы;

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;

бала асырап алу туралы;

атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы;

қайтыс болу туралы нысандары;

2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарындағы жазбалардың негізінде берілетін мынадай:

туу туралы;

әке болуды анықтау туралы;

неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы;

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;

бала асырап алу туралы;

атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы;

қайтыс болу туралы куәліктердің нысандары бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 19 сәуірдегі

№ 498 қаулысымен

бекітілген

 

 

______ жылғы «___» _________

№ ______

Туу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу негізінде жасалған акт кітабының нысаны

 

Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________

 

Бала туралы мәліметтер

 

1. Тегі___________________________________    2. Аты _________________________________

3. Әкесінің аты (қалауы бойынша) ___________    4. Жынысы _____________________________

5. Туған күні «____» ________ 20 ____ жыл

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом