Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 336 Қаулысы
(2011.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
№ 336 қаулысымен
бекітілген
«Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Қолдану саласы
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
ҚР Үкіметінің 2011.28.04. № 451 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)