Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы
жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 Қаулысы
(2010.03.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқарамасының 2010.03.09. № 146 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқарамасының 2008.29.12. № 250 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы Нұсқаулықта көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі нормалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік етуі (банктер бойынша - жанама) нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты қолданылмайды.
ҚР ҚҚА Басқарамасының 2010.03.09. № 146 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы қоса берілген Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.