«Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырда № 595 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1473 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 8 мамырдағы
№ 595 қауылысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 29 қаңтардағы
№ 40 қаулысымен
бекітілген
Нысаналы даму трансферттерін бөлу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы даму трансферттерін бөлу тәртібін анықтайды.
2. Нысаналы даму трансферттері жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер болып табылады.
2. Нысаналы даму трансферттерін бөлу тәртібі