Введите номер документа
Прайс-лист

«Сотталғандарды жазасын өтеуден босату үшін негіз болатын аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 93 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 17 февраля 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 27 декабря 2014

Сотталғандарды жазасын өтеуден босату үшін негіз болатын аурулар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 93 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 168, 169-баптарына сәйкес, сотталғандарды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Сотталғандарды жазасын өтеуден босату үшін негіз болатын аурулар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны алдағы уақытта ресми жариялауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. «Сотталғандарды медициналық куәландыру және оларды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 145 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5973 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 225 (26646) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

полиция генерал-лейтенанты

 

 

Қ. Қасымов

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының төрағасы

Б. Бекназаров

2012 жылғы 27 ақпан

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

А. Дауылбаев

2012 жылғы «___» ____________

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

С. Қайырбекова

2012 жылғы 25 сәуір

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2012 жылғы 17 ақпандағы

№ 93 бұйрығымен

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом