Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 227-НҚ бұйрығы
(2011.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды жалғастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
2007 жылғы 25 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 227-НҚ бұйрығымен бекітілген
Магистральдық және станциялық жолдарға кірме жолдарды