Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.19.03 № 270 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 19 наурыздағы

№ 270 қаулысымен

Бекітілген

 

Осы редакция 2012 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды.

2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

1) радиоактивті қалдықтарды жинау және сұрыптау;

2) үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивті ластанудан тазарту);

3) радиоактивті қалдықтарды тасымалдау;

4) радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу;

5) радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму.

3. Лицензиялау субъектілері заңды тұлғалар болып табылады.

4. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

5. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензия қолданылу мерзімі шектеусіз бас лицензия болып табылады.

 

 

2. Лицензия беру тәртібі

 

6. Лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші лицензиарға мына құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

7. Лицензия берілген қызмет түрінің шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мына құжаттар қажет:

1) өтініш;

2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом