Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жөніндегі үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 1 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жөніндегі үлгілік ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1219 қаулысымен
бекітілген
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 15-бабының 23-тармақшасына сәйкес әзірленді және ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметінің (бұдан әрі - Қызмет) жұмысын регламенттейді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 339-бабына сәйкес жүзеге асырады.
2. Қызмет өз жұмысында мемлекеттік еңбек инспекциясымен, басқа да мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, ұйым құрылым бөлімшелері мен мамандары және ұйым қызметкерлерінің өкілдері, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлармен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Қызметтің негізгі міндеттері
3. Қызметтің негізгі міндеттері: