Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 744 Қаулысы
(2013.20.12. берілген өзгерістермен)
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктері айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 маусымдағы
№ 744 қаулысына
қосымша
Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді
ұсыну шарттары мен тетіктері
1. Кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары
1. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсынуды индустриялық-инновациялық жобаларды (бұдан әрі - жобалар) іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (бұдан әрі - субъектілер) берілетін екінші деңгейдегі банктердің қарыздары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асыратын шарттар мыналар болып табылады:
1) қаржы агентінің кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсынуға қатысу мөлшері жоба сметасы сомасының 80 %-ынан (сексен пайызынан) аспауы тиіс;
2) жоба сметасы шеңберіндегі субъектінің және (немесе) өзге үшінші тұлғаның қаржыландыру үлесі ақшалай қаражатпен жүзеге асырылады;
3) жобаны іске асыру бойынша тәуекелдер толық көлемде жабылған, оның ішінде қамтамасыз етілген;
4) кепілдік міндеттемелер және кепілдемелер жиырма жылдан аспайтын мерзімге ұсынылады;
5) жобалық шешімдердің технологиялық және техникалық негізделуі.
2. Кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну тетіктері