Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 17 мамырдағы № 47 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3788 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 5 және 12 қаңтарда «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 99447911,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 5860471,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 328169,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4003,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 93255268,5 мың теңге;
2) шығындар - 99719219,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1855524,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2406929,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 551405,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 611451,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 611451,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)- -2738282,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2738282,8 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымша осы шешімнің қосымша сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Дощанова |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
КЕЛІСІЛДІ:
«Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Г. Кисленкова
Қостанай облысы мәслихатының
2012 жылғы 17 мамырдағы № 47
шешіміне қосымша
Мәслихаттың
2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450
шешіміне 1- қосымша