Введите номер документа
Прайс-лист

«Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығы (2016.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 10 мая 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 августа 2021

Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығы

(2016.31.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Энергетика министрінің 2016.31.05. № 229 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Энергетика министрінің 2016.31.05. № 229 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары бекітілсін.

2. Төменкөміртекті даму департаментіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты ұсынуды қамтамасыз ету және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Н. Қаппаров

 

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрінің

2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө

бұйрығымен бекітілген

 

 

Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау

 қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін белгілейді.

ҚР Энергетика министрінің 2016.31.05. № 229 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларды, парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөнінде талаптарға түсетін, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыратын немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ерікті бағдарламаларды іске асыратын қондырғы операторлары қолданады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!