Введите номер документа
Прайс-лист

«Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө Бұйрығы (2016.17.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 14 мая 2012
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 августа 2021

Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө Бұйрығы

(2016.17.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібі;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес Олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесі.

2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Н. Қаппаров

 

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрінің

2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө

бұйрығына 1-қосымша

 

 

Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін анықтайды.

ҚР Энергетика министрінің м.а. 2016.17.11. № 496 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) базалық сценарий - парниктік газдар шығарындыларын және (немесе) сіңірулерін азайтудың қол жеткізілген көлемі салыстырылатын ұсынылған ішкі жоба болмаған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының деңгейін немесе парниктік газдар сіңірулерінің деңгейін бейнелейтін сценарий;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом