Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 464 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының V сессиясының 2012 жылғы 8 маусымдағы № 55 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы ХLI сессиясының «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 464 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - № 1902 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 желтоқсандағы «Орталық Қазақстан» газетінің № 212-213 (21201), 2011 жылғы 22 желтоқсандағы «Индустриальная Караганда» газетінің № 145-146 (21159-21160) газеттерінде жарияланған), оған Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 сәуірдегі ІІІ сессиясының «Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 464 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 37 шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - № 1906 болып тіркелген, «Орталық Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 64-65 (21272) санында, «Индустриальная Караганда» газетінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 46 (21210) санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақтағы:
1) тармақшадағы:
«146372349» сандары «146418608» сандарына ауыстырылсын;
«110190919» сандары «110237178» сандарына ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«147780649» сандары «147826908» сандарына ауыстырылсын;
2) көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларынасәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Жұмабеков |
Қарағанды облыстық мәслихатының
2012 жылғы 8 маусымдағы
5 сессиясының № 55 шешіміне
1 қосымша