2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының № 464 шешімі
(2012.03.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының 2012.03.04. III сессиясының № 37 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 146372349 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 35813971 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 367459 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 110190919 мың теңге;
2) шығындар - 147780649 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 2198431 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 3265889 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1067458 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 42734 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 42734 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 3563997 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3563997 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 3265889 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 926955 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 1225063 мың теңге.
2. 2012 жылға арналған облыстық бюджет түсімдерінің құрамында, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
3. 2012 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) жеке табыс салығы бойынша: