Жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау қағидалары (әдістемесін) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 848 Қаулысы
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 26 маусымдағы
№ 848 қаулысымен бекітілген
Жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы
келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау
қағидалары (әдістемесі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген тараптармен жасалған мәмілелерді қоса алғанда, өнімді бөлу туралы келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарлардың нарықтық бағасын айқындау қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі - Қағидалар) Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында өндірілетін мұнай-газ шикізатын сатып алу-сату туралы келісімшарттарға сәйкес жасалған мәмілелер бойынша бағаларды айқындау (есеп айырысу) тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар: