Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 61/НҚ бұйрығы
«Ғарыш қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 24-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Заң басқармасы (Қ.А. Әліпбаев) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары М.М.Молдабековке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Төрағаның міндетін атқарушы | М. Молдабеков |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының
міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы
№ 61/НҚ бұйрығымен бекiтілген
Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау
1. Осы Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау ғарыш қызметіне қатысушылармен Қазақстан Республикасында өндірілген ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және қосарлы мақсаттағы ғарыш объектілерін таңбалауды (бұдан әрі - Ғарыш объектілерін таңбалау) жүзеге асыру кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш кеңістігіне ұшырылатын шетелдік жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ғарыш объектілерін таңбалау талап етілмейді.
2. Ғарыш объектілерiнде:
ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін тіркеу нөмірін;
тіркеу нөмірінің астында орналастырылатын «Kazakhstan» жазуын қамтитын таңбалау салынады.