Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы
зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 Қаулысы
(2012.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03. № 50 қаулысын қараңыз (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2011.26.12. № 221 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ереженің 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағының екінші және үшінші абзацтарын, Ереженің 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.11. № 174 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2011.26.12. № 221 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)