Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МемжерҒӨО)»республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 890 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасуббота, 30 июня 2012
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 28 августа 2015

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МемжерҒӨО)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 890 Қаулысы

(2015.28.08. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МемжерҒӨО)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және осы қаулының қосымшасына сәйкес оның мемлекеттік еншілес кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік жер кадастрын жүргізу болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2) кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 30 маусымдағы

№ 890 қаулысына

қосымша

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом