Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 2-НП нормативтік қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күші жойылсын деп танылсын:
1) «Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5643 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жыл, № 7 жарияланған);
2) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 30 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5984 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл, № 10 жарияланған);
3) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 37-Қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6702 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы, № 1 жарияланған).