Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03. № 50 қаулысын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 30-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (1-қосымша);
2) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (2-қосымша);
3) Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (3-қосымша).
2. Осы қаулы, оны бірінші рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таралады.
3. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.