Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 204 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 4 шілдедегі
№ 204 қаулысымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру
қағидалары
Осы Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі - Заң), «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жинақтаушы зейнетақы қорын (бұдан әрі - Қор) ерікті түрде таратуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
1. Қор акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) Заңның 45-1-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, оны ерікті түрде таратуға рұқсат алу туралы өтінішхатпен өтініш жасайды.